12 қаңтарда «№10 орта мектебі» КММ-де құқық қорғау органдары қызметкерлері мен мектеп психологының қатысуымен «Менің құқықтарым - менің жауапкершілігім» тақырыбына мазмұнды алдын алу әңгімелер өткізілді.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтарға, буллинг пен кибербуллингке нөлдік төзімділік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға заң талаптарын сақтау, өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу және өз әрекеттері үшін жауапкершілік алу маңыздылығы еске салынды.
Осындай іс-шаралар қауіпсіз, сенімді және қолайлы мектеп ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.