«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «№10 орта мектебі» КММ-нің 8 «В» сынып оқушылары сенбілікке белсенді қатысты.
Оқушылар үлкен ынтамен мектеп аумағын тазалап, қоқыс жинап, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Осындай іс-шаралар жауапкершілікті, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды тәрбиелейді және барлығымыз біріге отырып Қазақстанымызды таза әрі көрікті ете алатынымызды көрсетеді!