Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Тоқтаров к., 17а
8 (72336) 4-48-40
8 (72336) 4 -41-69
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 орта мектебі КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«№10 орта мектебі» КММ-де кездесу басында 1-тоқсанның қорытындылары шығарылды: оқушылардың жетістіктері атап өтіліп, оқу үлгерім деңгейі талданды және әрі қарайғы оқу процесіне қатысты ұсыныстар берілді.

Одан кейін жоспарға сәйкес ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасын іске асыру аясында 6 «А», 6 «Б» және 6 «В» сыныптарының ата-аналарына арналған «Қауіпсіздік және сенім — тірек қалыптастырамыз» тақырыбына іс-шара өткізілді.

Ата-аналар жиналысы ZOOM платформасында онлайн форматта өтті. Кездесу барысында қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, сенімді қарым-қатынас орнату және сындарлы қарым-қатынас дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылды. Ата-аналарға түрлі жағдайлық тапсырмалар ұсынылып, балалармен сенімді қарым-қатынас орнатуға қатысты ұсыныстар берілді.

Өткізілген іс-шара оқушылардың отбасындағы және мектептегі психологиялық әл-ауқатын нығайтуға, жеке қауіпсіздікке және өзара түсіністікке саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.