Онкүндіктің ашылуы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелеріне арналған тақырыптық кітап көрмесімен өтті.
Көрмеде қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер және қазіргі қоғамдағы азаматтық қорғаныстың маңыздылығы туралы кітаптар мен ақпараттық материалдар ұсынылған.
Оқушылар мен педагогтарды көрмеге қатысып, білімдерін кеңейтуге және қауіпсіздік әрқайсымыздан басталатынын тағы бір рет еске алуға шақырамыз.