«№10 орта мектебі» КММ-де 1–4 сынып оқушылары арасында қауіпсіздік сабақтары аясында «Қауіпті заттар» атты сурет байқауы өтті.
Оқушылар шығармашылық арқылы қандай заттардың қауіпті болуы мүмкін екенін және күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың не үшін маңызды екенін көрсетті. Сурет салу арқылы балалар мұқият әрі жауапты болуды үйренеді.