17 наурыз күні №10 мектепте оқушылармен құқықтық-профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесуге полиция өкілдері қатысып, оқушылармен маңызды тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге қатысқандар:
— Риддер қ. ПДН ООБ ОП аға УИП инспекторы, полиция майоры Қабаев Әділ Қайратұлы
— Риддер қ. ОП СБН ПБ инспекторы, полиция капитаны Ташмухаметова Аида Уалханқызы
— Аға мемлекеттік автоинспектор, полиция майоры Карыпжанов Р.Т.
— Риддер қ. ООБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Тұрсынғазыұлы Т.
Әңгіме барысында көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, мектептен тыс уақыттағы тәртіп, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар отбасындағы зорлық-зомбылық, сталкинг, буллинг және алаяқтық тақырыптары да қозғалды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрді. Осындай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға ықпал етеді.