Риддер қаласындағы «Мир в каждом сердце» атты жануарлардың уақытша паспанасына 8 «В» сыныбының оқушылары барды
Оқушылар мысықтар мен иттерге арналған жем, сондай-ақ макарон өнімдері мен жармалар әкелді — бұлардың барлығы да төрт аяқты қамқорлықтағы жануарларға өте қажет.
Бұл панажайда жануарлар негізінен күн сайын оларға қамқор болып, жақсы өмір сүруге мүмкіндік сыйлайтын жандардың қаражаты есебінен асыралады. «Мир в каждом сердце» қоры азық-түлікпен көмектесіп, жануарларды емдеуге кететін шығындардың бір бөлігін төлейді.
Бейжай қарамайтын баршаңызға алғысымыз шексіз
Тіпті кішкентай көмектің өзі — біреудің өміріне қосылған үлкен үлес.