Кездесуге ООБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Тұрсынғазыұлы Т. және Риддер қаласы ПБ ООБ аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Сыдықов М. Б. қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың сағат 23:00-ден кейін көшеде жүрмеуі, сабаққа кешікпеу, сондай-ақ мектеп формасы мен сыртқы келбет мәдениетін сақтау жөнінде түсіндірме берілді.
Мұндай шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.