АПҚО ( ата—аналарды педагогикалық қолдау орталығы) аясында «№10 орта мектебі» КММ-де 6 «В» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті
Кездесу барысында II тоқсанның қорытындылары шығарылып, жеке бас гигиенасын сақтау, мектеп Жарғысын орындау, мектеп формасын сақтау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар
«Қазіргі әлемдегі жасөспірім: алаңдататын белгілер және қорғау жолдары» тақырыбы талқыланды.
Жиналыс интерактивті түрде өтті: ата-аналар түрлі өмірлік жағдаяттарды талқылап, «Қолдау көпірі» топтық ойынына қатысты, өз ой-пікірлері мен тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу соңында рефлексия жүргізіліп, жиналыстың қорытындысы шығарылып, кері байланыс алынды
Жиналысқа қатысқандар:
мектеп директоры — А.Ю.Кузнецова
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары — Л.С.Гогонел
Жиналысты өткізуге жауапты —
сынып жетекшісі М.Қ.Серікова
Ата-аналарға белсенділік, ашықтық және ынтымақтастықтары үшін алғыс білдіреміз!