«№10 орта мектеп» КММ-де «Қыста құстарды қоректендірейік және Құс ұясы» акциясы жалғасуда.
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары көркем еңбек пәнінің мұғалімі Горбунов Сергей Семёновичтің жетекшілігімен өз қолдарымен құс ұяларын жасады.
Оқушылар ұяларды мектеп аумағына орналастырып, құстарға жем салып, қысқы күндері оларға қамқорлық пен жылу сыйлады.
Кішкентай игі істер әлемді көркейте түседі