31.03.2026 күні 7-сынып оқушыларымен Риддер қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ аға инспекторы, полиция майоры Қабаев Әділ Қайратұлы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға есірткі, психотроптық және соған ұқсас заттарды қолдануға болмайтыны, сондай-ақ мұндай заттарды сақтау, тарату, басқа адамға беру және жасырып орналастыру заңға қайшы екені түсіндірілді. Сонымен қатар, осындай құқық бұзушылықтар үшін заң алдында жауапкершілік бар екені және оның салдары өте ауыр болатыны айтылды.
Оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, заң талаптарын сақтау және зиянды әдеттерден аулақ болу қажеттігі түсіндірілді.