30 қаңтарда «№10 орта мектебі» КММ—де «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ—нің қызметкерлері «Құстарды қоректендіріп, құстарға үй сыйлайық» атты экологиялық акция өткізді.
Танымдық дәріс барысында оқушылар туған өлкенің табиғаты және қыс мезгілінде құстарға қамқорлық жасаудың маңызы туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.
8 «Б» сынып оқушылары құстарға арналған ұялар жасап, оларды мектеп аумағына іліп шықты
Ал бастауыш сынып оқушылары акцияны белсенді қолдап, құстарға арналған жем әкелді
Осындай шаралар табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеп, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретеді