16 ақпанда Риддер орман шаруашылығының қызметкерлері 10-сынып оқушыларымен бірге «Құстар үйі» экологиялық акциясына қатысты.
Мектеп аумағында құстарға арналған ұя жәшіктері орнатылып, ілінді — енді көктемгі маусымда қанатты достарымызға жайлы баспана болады. Осындай іс-шаралар табиғатқа ұқыпты қарауды тәрбиелейді, оқушылардың жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастырады.
Акцияға қатысқан барлық жандарға еңбегі, бастамашылдығы және қоршаған ортаға деген қамқорлығы үшін алғысымызды білдіреміз