13.04.2026
Мектебімізде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға:
ООБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Тұрсынғазыұлы Т.
ООБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Қадиров Р. Д.
Риддер қ. ПБ ООБ аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Сыдықов М. Б. қатысты.
Оқушылармен келесі тақырыптар бойынша профилактикалық әңгіме өткізілді:
ұсақ бұзақылық
ұрлық
темекі шегу
буллинг және кибербуллинг
олардың құқықтық салдары
Сонымен қатар, оқушыларға «заң» және «тәртіп» ұғымдары түсіндіріліп, олардың қоғамдағы маңыздылығы айтылды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.