АПҚО ( ата—аналарды педагогикалық қолдау орталығы) аясында ата-аналар жиналысы «Қазіргі әлемдегі жасөспірім: алаңдататын белгілер және қорғау жолдары» тақырыбында өтті
Кездесу интерактивті түрде ұйымдастырылды: пікір алмасу, топтық жұмыс, шағын ойын және ашық диалог жүргізілді. Жиналыс барысында мектеп Жарғысын сақтау, мектеп формасы, жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен эмоционалдық жағдайы, сондай-ақ баланы қолдау мен қорғауда ата-ананың рөлі мәселелері қозғалды
Ата-аналар үй тапсырмасын орындау мәселелері бойынша сауалнамаға қатысты. Кездесу соңында барлық қатысушыларға отбасылық тәрбие барысында пайдалануға арналған жадынамалар таратылды.
5-сыныптардың сынып жетекшілері:
Г.О.Джумабаева
А.А.Альсеитова
В.О.Медведева
Ата-аналарға белсенділік пен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!