Бүгін біздің мектеп жанындағы лагерьде қазақ тілі мен мәдениетімен танысуға арналған қызықты күн өтті.
Сабақ қалай өтті:
• Жаңа сөздерді ойын арқылы үйренді.
• Қызықты диалогтер құрастырды.
• Қазақ тілінде әндер айтты.
• Ұлттық салт-дәстүрлермен және әдет-ғұрыптармен танысты.
• Көп сөйлесіп, күліп, топпен жұмыс істеуді үйренді.
Балалар мемлекеттік тілді үйренудің оңай, қызықты әрі көңілді болатынына көз жеткізді!