№10 орта мектебіннің мұғалімдерімен Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында интернет-алаяқтық және күмәнді телефон қоңыраулары мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлер алаяқтықтың кең таралған түрлерімен танысып, тақырыптық бейнероликтерді тамашалады.
Қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және ақпараттандырылу — әр адамның тыныштығы мен қорғанысының кепілі.