Біздің мектепте күшті әсер ететін улы заттар және төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет алгоритміне арналған ақпараттық стенд безендірілді.
Стендтің мақсаты — қауіпсіздік туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру және дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Әр адам ықтимал қауіп туындаған жағдайда қалай дұрыс әрі жедел әрекет ету керектігін білуі маңызды.
Қауіпсіздік — бәрімізге ортақ басымдық.
