Қауіпсіздік – тамаша демалыстың басты қағидасы! Бүгін біздің лагерьде жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелеріне арналған маңызды күн өтті. Балалар өздерінің негізгі білімдерін қайталап, бекітті.
Бүгінгі бағдарламамызда:
- «Қауіпсіз жаз» нұсқаулығы – жол қозғалысы ережелерін, өрт қауіпсіздігін және су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын қайталадық.
- Сурет байқауы – балалар қауіпсіздік ережелерін қағаз бетіне түсіріп, мазмұнды әрі жарқын көрнекі парақтар дайындады.
- Жедел сұрақ-жауап – лагерь қатысушыларының төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ете алу дағдыларын тексердік. Барлығы тапсырманы өте жақсы орындады!
Қауіпсіздік ережелерін білу – көңілді әрі алаңсыз демалыстың кепілі!
