Қаржылық жауапкершілік отбасынан басталады
«№10 орта мектебі» КММ— де ата—аналарға педагогикалық қолдау орталығының қызметі аясында ата-аналарға арналған «Қаржылық жауапкершілік» тақырыбына шағын дәріс өткізілді.
Кездесу барысында отбасындағы қаржылық міндеттемелерге саналы көзқарас қалыптастырудың маңыздылығы, қаржылық сауаттылықтың негіздері, сондай-ақ балалардың тұрақты әрі қауіпсіз болашағын қалыптастырудағы ата-ананың рөлі талқыланды.
Осындай кездесулер білімді кеңейтіп қана қоймай, жеке жауапкершілік, отбасылық бюджетті жоспарлау және күнделікті өмірде қалыптасатын қаржылық әдеттер туралы ойлануға мүмкіндік береді.
Қаржылық сауаттылық — отбасының әл-ауқаты мен ертеңгі күнге деген сенімділіктің маңызды қадамы.