Біздің лагерьде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!
Бүгінгі таң тек сергіту жаттығуымен ғана емес, Отанымызға деген мақтаныш сезімімен басталды. Балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған қызықты интерактивті танымдық шараға қатысты.
Іс-шара барысында Туымыздың, Елтаңбамыздың және Әнұранымыздың тарихын еске түсіріп, қызықты деректермен танысты. Сонымен қатар, викторина сұрақтарына жауап беріп, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеудің маңыздылығы туралы әңгімелесті.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар балалардың бойында отаншылдық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті және ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.