Мектебіміздің волонтерлік клубының еріктілері ауқымды республикалық «Қайырымдылық қорабы» акциясына қатысты!
Біздің оқушылар тағы да жақсылық жасаудың жасы болмайтынын, ең бастысы — жүректегі мейірім мен көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға деген ниет екенін дәлелдеді.
Волонтерлеріміздің еңбегі мен жанашырлығы елеусіз қалмады. Акция қорытындысы бойынша барлық қатысушылар республикалық деңгейдегі құрмет сертификаттарымен марапатталды! Бұл — белсенді оқушыларымыз үшін тамаша бастама әрі портфолиоларына үлкен жетістік.
Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және клуб жетекшісі Құнанбаева Ж.Т.-ға зор алғысымызды білдіреміз!
