17 наурызда 5 «А» сыныбында «Заң және тәртіп» тақырыбына ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесу барысында балаларды тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау мәселелері қарастырылды. Мектептегі және мектептен тыс жерлердегі мінез-құлық ережелері, сондай-ақ заңға бағынатын азаматты тәрбиелеудегі отбасының рөлі талқыланды.
Ата-аналарға белсенді қатысқандары және сынып өміріне қызығушылық танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз!