«№10 орта мектебі» КММ - нің 9 «А», 9 «Б» және 9 «В» сыныптарында «Қауіпсіздік пен сенім. Тірек қалыптастырамыз» тақырыбына ZOOM форматында ата - аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында жасөспірімдерді қолдау және мектеп пен отбасы арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға қатысты маңызды мәселелер қарастырылды. Кездесу барысында төмендегі тақырыптар талқыланды:
1. Ата - аналарға сенімді қарым - қатынастың маңыздылығын және жасөспірімнің эмоционалдық әрі денелік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отбасының рөлін түсіндіру.
2. Мектеп ортасында да, үй жағдайында да - қарым - қатынас дағдыларын, эмоциялық қолдау көрсетуді дамыту.
3. Балалар есею кезеңінде ата - аналарда туындайтын күрделі жағдайларға әрекет ету бойынша тәжірибелік құралдар: сындарлы диалог жүргізу әдістері, қақтығысты азайту жолдары және баланы күйзеліс жағдайында қолдау.
Осындай кездесулер ата - аналар мен педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жасөспірімдердің қауіпсіз әрі үйлесімді дамуына берік негіз қалыптастырады.