«№10 орта мектебі» КММ—нің 8 «В» сыныбында оқушыларға өрт қауіпсіздігінен оқыту сабағы өткізілді.
Сабақты Риддер қаласының ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Е.В.Тарасов жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері еске салынып, өрттің пайда болу себептері мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер туралы айтылды. Сонымен қатар эвакуация кезіндегі дұрыс әрекет ету және қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдарына ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырады.
Маңызды әрі танымды әңгіме үшін Е.В.Тарасовқа алғысымызды білдіреміз!