Кездесу барысында отбасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы, ата-аналардың жеке үлгісінің рөлі және балалардың эмоционалдық жағдайына дер кезінде назар аудару қажеттілігі талқыланды. Сондай-ақ жасөспірімдерді қолдау, олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және дұрыс таңдау жасауына көмектесу жолдары қарастырылды.
Белсенділік пен ынтымақтастық танытқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!
Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана балаларымыз үшін қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыра аламыз