Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар апталығы аясында «№10 орта мектебі» КММ-нің 6 «Б» сыныбында сынып жетекшісі Баянбаева А.С. ұйымдастыруымен оқытуға арналған бейнеролик дайындалды.
Бейнероликте өрт кезіндегі төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелері, іс-қимыл алгоритмі және қауіпсіздік шаралары көрсетілді. Оқушылар материалды дайындауға белсенді қатысып, азаматтық қорғаныс мәселелеріне жауапкершілікпен қарағандарын көрсетті.
Білім мен дайындық — қауіпсіздіктің кепілі!