Буллинг - жай әзіл емес, ол баланың психологиялық жағдайына кері әсер ететін әрекет екені түсіндірілді. Кездесу барысында өзара сыйластық, достық қарым-қатынас және әр сөз үшін жауапкершілік туралы айтылды. Оқушыларға арнайы бейнеролик көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы буллингтің салдары талқыланды.
Іс-шараға Қабаев Әділ Қайратұлы - Риддер қ. ПБ ЖПҚБ ЮПТ УИП аға инспекторы, полиция майоры қатысты. Инспектор құқықтық жауапкершілік пен тәртіп сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мектептегі қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру - баршамыздың ортақ міндетіміз