22 қаңтарда «№10 орта мектебі» КММ—нің 9–10 сынып оқушылары үшін танымдық кездесу өтті.
«Риддер орман шаруашылығы» КММ—нің (ӨБР және РБ) өкілі Е. Н. Клиновицкая
«Ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелері және санитарлық талаптар» тақырыбына әңгіме жүргізді.
Оқушылар табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығы, орман өрттерінің пайда болу себептері және олардың алдын алу шаралары туралы мәлімет алды.
Кәсіптік бағдарлау жұмысы аясында оқушылар орман шебері мамандығымен, оның ерекшеліктері мен маңыздылығымен танысты.
Қызықты әрі пайдалы кездесу үшін алғысымызды білдіреміз!