Кездесу барысында мектеп өміріне қатысты маңызды мәселелер:
— мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру және жалға алушыны ауыстыру;
— жөндеу жұмыстарын жүргізу;
— қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында күзет ұйымын ауыстыру;
— мектептің «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясына қатысуы қаралды.
Жаңа жалға алушы қызметке кіріскен кезеңде білім алушылардың тамақ сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сарапшылық комиссиясының жұмысына ерекше назар аударылды.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне белсенді ұстанымы мен мектептің дамуына қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!