Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер қаралды:
мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру және оның сапасы;
білім алушылардың үлгерімі және ата-аналар тарапынан бақылау;
үйірмелер мен спорттық секциялардың жұмысы туралы есеп;
Оқушылар үйі үйірмелерінің қызметі;
9–11-сыныптардағы кәсіби бағдар беру жұмысы;
«Заң және тәртіп» мәселелері: мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау және білім алушылар арасында әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу.
Сонымен қатар, профилактикалық жұмыс аясында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған **«Не книжные закладки»**, **«Хулиганка»** фильмдері көрсетілді.
Ата-аналарға белсенді қатысқандары және ынтымақтастықтары үшін алғыс білдіреміз! Бірлесе отырып, балаларымыз үшін қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастырамыз.