«№10 орта мектебі» КММ - де 1 «Б» сыныбында жұмыс жоспарына және ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасын іске асыру шеңберіне сәйкес «Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық - зомбылықтан қорғау» тақырыбына ZOOM форматында ата - аналар жиналысы өткізілді.
Кездесу барысында ата - аналарға алдын алу шаралары, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар, сондай - ақ ықтимал қауіп төндіретін жағдайларда әрекет ету алгоритмі түсіндірілді.
Әрбір оқушы үшін қауіпсіз және қолдаушы орта қалыптастыру мақсатында отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттесудің маңызды қырлары талқыланды.