Мектептің педагог-психологы тарапынан 8–11 сынып оқушылары арасында суицидтік мінез-құлық қаупін анықтауға бағытталған сауалнама қорытындылары бойынша педагогикалық ұжымға ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында жасөспірімдердің эмоционалдық әл-ауқаты, сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы және оқушылардың мінез-құлқындағы өзгерістерге мұқият назар аудару мәселелері талқыланды.
Педагогтерге балалардың эмоционалдық жағдайына дер кезінде көңіл бөліп, сенімді орта қалыптастыру және қажет болған жағдайда мектептің психологиялық қызметіне хабарлау ұсынылды.
Ересектердің қамқорлығы, назары мен қолдауы — жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын сақтаудағы маңызды қадамы