24 желтоқсанда 7–8 сынып оқушылары арасында «Терроризм – қазіргі заманның жаһандық мәселесі» тақырыбына сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара барысында «терроризм» ұғымы, оның негізгі себептері мен салдары қарастырылып, террористік әрекеттердің қоғамға, мемлекетке және әрбір адамның өміріне тигізетін әсері талқыланды.
Жеке қауіпсіздік мәселелеріне, азаматтық жауапкершілікке, сондай-ақ жастардың экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдағы рөліне ерекше назар аударылды.