2026 жылғы 15 сәуірде мектебіміздің педагог-психологы «Сынып әр оқушының көзімен» атты тренинг элементтері бар сынып сағаттарын өткізді
Кездесудің негізгі мақсаты — сынып ұжымын біріктіру және оқушылар арасындағы тиімді қарым-қатынасты дамыту.
Сабақ барысында оқушылар бір-бірін жақсырақ түсінуді, сенімді қарым-қатынас орнатуды, қарым-қатынастағы кедергілерді жеңуді және коммуникативтік дағдыларын дамытуды үйренді
Осындай кездесулер сыныпта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға көмектесіп, мектеп өмірін жайлы әрі достыққа толы етеді