ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша «№10 орта мектебі» КММ-нің 8-сынып оқушыларына психолог - К.В.Ковшова «Отбасы және отбасылық құндылықтар» тақырыбына сынып сағатын өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар отбасының әр адамның өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, жақын адамдар арасындағы өзара түсіністік, құрмет, қолдау және сенім жайында әңгімелесті.
Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісіп, отбасы — махаббаттың, қамқорлықтың және өмірлік тіректің қайнар көзі деген қорытындыға келді