2026 жылғы 18 ақпанда мектеп психологы Л.К.Дюсупова 2 «А» сыныбында «Сезімдер мен эмоциялар еліне саяхат!» тақырыбына дамытушы сабақ өткізді.
Оқушылар ғажайып елге қызықты саяхат жасап, қуаныш, мұң, таңдану, қорқыныш және ашу сияқты түрлі эмоциялармен танысты. Ойын түрінде оқушылар өз сезімдерін тануды, өзгенің көңіл күйін түсінуді және эмоцияларын дұрыс білдіру жолдарын үйренді.
Сабақ барысында оқушылар шығармашылық тапсырмалар орындап, талқылауларға қатысып, өз әсерлерімен бөлісті. Әсіресе өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға, қиын сезімдерді жеңе білуге және бір-біріне қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінді.
Сабақ жылы, достық ортада өтіп, балаларға жағымды эмоциялар мен өздері және айналасындағы адамдар туралы жаңа пайдалы білім сыйлады