«ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламасы аясында педагог-психолог Л.К.Дюсупова 4 «В» сыныбында маңызды әрі өте қажет тақырыпта — «Сөздің ұлы күші» атты сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар сөздің адамды қолдап, шабыттандырып, қуаныш сыйлай алатыны, сондай-ақ жүрекке жара салып, ауыртпалық әкелуі мүмкін екендігі туралы ой қозғады. Балалар үлкен қызығушылықпен өз мысалдарын келтіріп, көңіл-күйді көтеретін жылы сөздерді еске алды және ренжітетін сөздердің адамның жадында ұзақ сақталатынын талқылады.
Ең бастысы — оқушылар өздері мынадай қорытындыға келді:
сөз — үлкен күш, оның мейірімді не мейірімсіз болуы өзімізге байланысты.
Осындай кездесулер бір-біріне деген мұқияттылықты арттырып, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады және сыныпта сыйластық пен қолдау ортаны орнатуға көмектеседі