«ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламасы аясында педагог-психолог Л.К.Дюсупова 4 «В» сыныбында «Достық тілі» тақырыбына сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар мейірімді қарым-қатынастың маңыздылығымен танысып, өз ойлары мен сезімдерін «достыққа толы» сөздер мен іс-әрекеттер арқылы жеткізуді үйренді. Оқушылар түрлі өмірлік жағдайларды талқылап, бір-біріне қолдау көрсету жолдарын іздеді және жанжалсыз шешім табуға дағдыланды.
Ерекше назар мына дағдыларды:
сыпайы қарым-қатынас жасауды
ынтымақтастықты
эмпатия және өзара түсіністікті дамытуға аударылды.
Сабақ жылы әрі сенімді ортада өтіп, сыныптағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.