Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Тоқтаров к., 17а
8 (72336) 4-48-40
8 (72336) 4 -41-69
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 орта мектебі КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Бүгін педагог-психолог Л.К.Дюсупова  1 «А» сыныбында «Мен және менің эмоцияларым» тақырыбына психологиялық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар негізгі эмоциялармен – қуаныш, мұң, ашу және қорқынышпен танысты. Оқушылар бет-әлпет арқылы сезімдерді тануды үйреніп, адамдар түрлі жағдайларда қандай эмоцияларды сезінуі мүмкін екенін талқылады және өз ойларымен бөлісті.
Оқушыларға әсіресе «Эмоцияны тап» және «Эмоциялар айнасы» ойындары өте ұнады. Бұл ойындарда олар әртүрлі эмоцияларды бейнелеп, бір-бірін түсінуге тырысты. Осындай жаттығулар балалардың өз сезімдерін жақсырақ түсінуіне, эмпатияны және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Оқушыларды ерте жастан бастап өз сезімдері туралы айтуға және айналасындағы адамдардың эмоцияларын түсінуге үйрету өте маңызды. Бұл эмоционалдық интеллекттің қалыптасуына, өзіне деген сенімділіктің артуына және ұжымда жылы қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді.
Сабақ жылы әрі достық ортада өтті. Соңында оқушылар өз көңіл-күйлерімен бөлісіп, бір-біріне күлімсіреп, жақсы көңіл күй сыйлады.