2026 жылғы 27 сәуірде педагог-психолог Л.К.Дюсупова 4 «А» сыныбында «Болашақ детективтері: Жоғалған таланттар ісі» атты психологиялық тренинг өткізді.
Сабақ барысында оқушылар өздерін нағыз детектив ретінде сезініп, «жоғалған таланттарды» іздеп, қызықты тапсырмаларды орындап, өздерінің күшті жақтарын ашты
Тренингтің мақсаты — оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, өзін-өзі тануын дамыту және өз қабілеттерін көре білуге үйрету болды. Ынтымақтастық пен қолдау атмосферасы әрбір қатысушыға өзінің маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді.
Осындай сабақтар балалардың әлеуетін ашуға және жағымды өзін-өзі бағалауын қалыптастыруға ықпал етеді