2026 жылғы 5 мамырда педагог-психолог Л.К.Дюсупова 6 «Б» сыныбында ұжымды біріктіруге бағытталған «Болашақ аралы» тақырыбына психологиялық тренинг өткізді.
Сабақ барысында қатысушылар топтық өзара әрекет, өзара түсіністік пен сенімге арналған жаттығуларды орындады. Тренинг сыныптағы тұлғааралық қарым-қатынасты нығайтып, қолайлы психологиялық ахуалдың қалыптасуына ықпал етті.