Педагог-психолог Л.К.Дюсупова 1 «Б» сыныбында «Біздің Достық ағашы» атты психологиялық тренинг өткізді.
Сабақ барысында оқушылар топпен жұмыс істеуді, бір-біріне мейірімділік танытып, қолдау көрсетуді үйренді. Ойын жаттығулары арқылы балалар достықтың, құрметтің және өзара көмектің маңыздылығын түсінді
Әрбір оқушы ортақ «Достық ағашын» жасауға өз үлесін қосып, оны жылулыққа, күлкіге және көтеріңкі көңіл-күйге толтырды