Емтиханға дайындық кезеңінде білім алушыларды психологиялық қолдау аясында 9-сынып оқушылары арасында диагностикалық тестілеу жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың мазасыздық деңгейін, эмоционалдық жағдайын және қорытынды аттестацияға психологиялық дайындығын анықтау.
Емтихан кезеңіндегі психологиялық қолдау ықтимал қиындықтарды дер кезінде анықтауға, күйзеліс деңгейін төмендетуге және оқушылардың сәтті дайындалып, өз күшіне сенімді болуына жағдай жасауға көмектеседі.