2026 жылғы 6 мамырда педагог-психолог Л.К.Дюсупова 2 «А» сыныбында «Менің көңіл күй картам» тақырыбына психологиялық тренинг өткізді.
Сабақ барысында оқушылар қолжетімді әрі ойын түрінде әртүрлі эмоциялық күйлермен танысып, өз сезімдерін тануға және атауға үйренді. Ерекше назар өзін - өзі білдіру дағдылары мен эмоциялық сананы дамытуға аударылды.
Тренинг аясында балалар шығармашылық әрекет арқылы өз көңіл күйін зерттеуге бағытталған тәжірибелік жаттығулар орындады: «көңіл күй картасын» жасап, өз әсерлерімен бөлісті, сезімдерін талқылап, эмоцияларын дұрыс жеткізуге үйренді.
Сабақ жылы, достық ортада өтіп, оқушылардың эмоциялық дамуына, өзін - өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға және сыныптағы психологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етті.