Кездесу барысында білім алушылар біздің эмоционалдық жағдайымызға не әсер ететінін және жағымды көңіл күйді өз бетінше қалай қалыптастырып, сақтауға болатынын білді. Оқушылар күлкінің, жылы сөздердің және өзара қолдаудың маңызын талқылап, эмоционалдық сезімталдық пен өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған ойын жаттығуларын орындады.
Сабақ достық әрі белсенді ортада өтті. Балалар талқылауларға қызығушылықпен қатысып, көңіл күйді көтерудің өз тәсілдерімен бөлісті және шығармашылық тапсырмаларды ықыласпен орындады.
Жағымды эмоционалдық ахуалды қалыптастыру білім алушылардың психологиялық денсаулығын нығайтуға және ұжымда қолайлы орта құруға ықпал етеді.