2025 жылғы 5 қарашада «№10 орта мектеп» КММ-де педагог-психолог Ковшова К. В. және әлеуметтік педагог Гекман А. А. 1–11 сыныптың сынып жетекшілері үшін оқыту семинарын өткізді.
Кездесу тақырыбы: «Өзін-өзі зақымдау қаупінің алдын алуда ата-аналардың рөлі».
Семинардың мақсаты — бірыңғай ата-аналар жиналысын дайындау және өткізу барысында педагогтердің құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелерінде ата-аналармен өзара әрекеттесудің бірыңғай тәсілін қалыптастыру.