ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша «№10 орта мектебі» КММ-де психолог - К.В.Ковшова ата-аналар мен балаларға арналған «Қақтығыстарды агрессиясыз шешу тәсілдері» тақырыбына кеңестер өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар өзара түсіністік, сыйластыққа негізделген қарым-қатынас және қиын жағдайларда ымыраға келе білудің маңыздылығын талқылады. Ата-аналар мен балалар жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің тиімді тәсілдерімен танысып, бір-бірін тыңдап, түсіне білуге үйренді.
Осындай іс-шаралар отбасында сенімді қарым-қатынас орнатуға және жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыруға көмектеседі