Тарих апталығы аясында 9-сыныптар арасында «IQ-History» зияткерлік квизі өтті!
Қатысушылар тарихи оқиғалар, даталар мен деректер бойынша білімдерін сынап, өздерінің эрудициясын, логикалық ойлауын және командалық бірлігін көрсетті. Ойын өте тартысты, танымдық әрі қызықты өтті - жүлделі орындар үшін күрес соңғы кезеңге дейін жалғасты.
Квиз қорытындысы: 1 орын - 9В сыныбы 2 орын - 9А сыныбы 3 орын - 9Б сыныбы
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенділік пен тарихқа деген қызығушылықтары үшін алғыс білдіреміз!Квиз ұйымдастырушысы және жүргізушісі - тарих пәні мұғалімі М.Э Аргимбаев