2026 жылғы 11 наурыз «Оюлар сөйлейді» атты сыныптан тыс іс-шара
Сабақ барысында оқушылар топпен жұмыс жасады: қағаздан ұлттық ою-өрнектерді қиып, ұқыптылықтарын, қиялдарын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Әр топ өз композициясын жасап, кейін барлығы бірігіп ортақ батманды безендірді. Осылайша әртүрлі идеялар бір жарқын ортақ жұмысқа айналды.
Іс-шара қызықты, ұйымшыл әрі танымдық түрде өтті — әр оқушы ортақ іске өз үлесін қоса алды!
Жауапты: Г.Ж.Аралбаева